Ақмола облысы Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
0

  

Әбілхадір Шорахметұлы Шорахметов

Ауданның Құрметті азаматы

2016 жылы 11 қарашада ауданның Құрметті азаматы атағы берілген

1946 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында Шәуілдір ауылында  туған. 1952-1962 ж.ж. Жамбыл ат. мектебінде оқыған. Еңбек жолын Талақты ауылында бастаған. 1964 ж, маусымынан 1967 ж. тамызына дейін Шәуілдір АТП жүргізуші болып істеген. 1967 ж. Семей қ. ет комбинатында жұмысшы болған. 1968-1973 ж.ж. – Семей зооветинститутында білім алған. 1973-1977 ж.ж. Державинск ауданы Костычев ат. ауылда бас мал дәрігері қызметін атқарған. Кейін Державинск аудандық ауылшаруашылық басқармасына бас дәрігер қызметіне ауыстырылған. 1985 ж. наурызында Қарасу ауылының директоры болып тағайындалған. 1990 ж. қаңтарында Державинск аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасы болып тағайындалып, кейін Державинск аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып ауыстырылған. 1995 ж. ақпанынан тамызына дейін – Державинск ауданының Шолақсандық ауылының директоры. Кейін Державинск ауыл шаруашылығы басқармасының экономика жөніндегі орынбасары болып еңбек еткен. 1997 ж. сәуірінен Пятигор ауылының әкімі. 1998-2004 ж.ж. аралығында Гастелло а. әкімі. 2004 жылдың қарашасынан бастап ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының м.а. 2005 ж. бастап ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.

Марапаттары: «Еңбек ардагері», «Астанаға 10 жыл» медальдары.