Ақмола облысы Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
0

  

Жанбаев Тұргынбай

Жарқайың ауданың ақыны

1942 жылы 3 мамырында Қостанай облысы Амангелді  ауданыныңСарыторғай ауылында туып, 4 сыныптық  мектепке барып, өлең жазабастадым. Осы мектептен төрт сыныптық  білім алып әрі қарай жалғастыра алмай, еңбекке ерте араласуға тура келді. Ауыр жұмыс істей жүріп өлеңдер жазып, аудандық газет беттеріне жариялап тұрдым. 1958 жылы аудандағы №158 Ауыл шаруашылық кәсіптік техникалық училищеде түсіп, 1960 жылы бітірдім. Ауылға жүргізуші болып жұмысқа орналасып, кейін егін бригадасын басқардым. 1965 жылы әскер қатарына шақырылып, Владивосток қаласында әскери міндетімді атқардым. Әскерде жүрген кезімде «Морской» училищесінде инженер- механик Мамандығын алып, кемелерді жөндеп жұмыс істедім. Әскери міндетімді абыроймен атқарып туған ауылыма оралдвм. Ауылға келген соң отбасын құрып әртүрлі қызметтерді атқардым. 1981 жылы осы Державин ауданының Уәлихан ауылының Львовский элеваторына бас механик лауазымын атқардым. Жалпы жұмыс өтілім 31 жыл. Қайда қызмет атқарсамда өлең жазуды тоқтатқан емеспін. 2004 жылы  зейнеткерлікке шықтым. Бүгінгі күні жапырағы жайқалған бәйтерек атанып 5 бала 10 немере қызығын көрген, жанымда жан жолдасым Назира екеуміз, бақытты, ғұмырлы өмір кешіп жатырмыз.