Ақмола облысы Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
0

  

Чернобыль: ХХ ғасырдың дерті

Жаналықтар

Аудандық кітапханада «Чернобыль: ХХ ғасырдың дерті» атты естелік кеші өтті. 1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом 
электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз.1986 жылы 26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды. 

 

Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан. Солардың ішінде әскерде жүргендері бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан аямай ат салысты Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 32 жыл толады. Осыдан 8 жыл бұрын Астанада Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерге ескерткіш ашылды. 1986 жылы сәуір айындағы Чернобыльдегі апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды. 
Чернобыль-Украинадағы шағын қалалардың бірі.Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді.Апатты жағдай бәрін бұзды. 
Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шеккен Қазіргі таңда бүкіл әлемде қарусыз әлем идеясы жиі көтеріледі. Жер планетасын мекендеген елдердің басшылары бұл тарапта бірлікке келіп, бейбіт өмір үшін соғыс пен қирауды жойып, ынтымақтастықты үндейді 

 


Жарқайың ауданынан осы электрстанцияның жөндеу жұмыстарына қатысқандар Евгений Анатольевич Рушаков, Владимир Николаевич Шавлаков ,Едіге Казистаевич Мұқанов Николай Александрович Купцов. Біздің жерлестеріміз Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлер. Кеш барысында бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тамаша бір жүрек жылы отырыс болды.