Ақмола облысы Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
0

  

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына (идеясына) арналған жалпықазақстандық ашық диктант

Жаналықтар

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық

мақаласына (идеясына) арналған

жалпықазақстандық ашық диктант

Қазақстан  халқы Ассамблеясы жыл сайынғы «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасын  жүзеге асыру мақстатында, латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолдану арқылы 2019 жылдың 10 қыркүйек күні сағат 11.00-де  жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Ауданымызда аталған  іс-шара  «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мен «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастырылуымен, Тілдерді оқыту орталығы мен аудандық кітапхана ғимараттарында өткізілді.

              

Диктант тақырыбы «2019 – Жастар жылына» арналды. Диктантқа этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, студенттер,барлық ниет білдірушілер қатысты.

    

Диктантқа біздің Жарқайың  ауданымыз бойынша 50 адам қатысты. Диктанттың мәтіні Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен келісілген.

Жалпықазақстандық ашық диктантқа келіп, ат салысқан қатысушыларымызға алғысымызды білдіреміз.

 

 

«Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ