Ақмола облысы Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
0

  

Қалжанов Аманбек  Әмірхамзаұлы 

Ауданның Құрметті азаматы

 

2017 жылы 11 желтоқсанда ауданның Құрметті азаматы атағы берілген

1961 жылы 28 қарашада Қостанай  облысы  Арқалық  ауданы Қайыңды  селосында  қызметшілер  отбасында  дүниеге  келген. 1989 жылы  Целиноград  ауыл  шаруашылығының ұйымдастырылуы   мамандығы  бойынша  бітірген. 1996 жылдың  ақпанынан  1997 жылдың  шілдесіне  дейін Торғай  облысы бойынша  Арқалық  қ.  салық  инспекциясыбастығының  орынбасары. 1997 жылдың  шілдесінен  1997 жылдың тамызына  дейін  Ақмола  облысы  бойынша  Астана  қ. салық  инспекциясы  бөлімінің  бастығы. 1997 жылдың  тамызынан  2004 жылдың сәуіріне  дейін  Жарқайың  ауданы  бойынша салық  комитетінің   төрағасы. 2004 жылдың  сәуірінен  қазіргі  уақытқа  дейін Ақмола  облысы  Жарқайың  ауданының  әкімі.

Мемлекеттік  наградалары:

Қазақстан  Республикасы  Президентінің   алғыс  хаты, «Тыңға 50 жыл»  мерейтойлық  медалі,2005 жылдың , «Астанаға  10 жыл» мерейтойлық  медалі, 2008 жылдың , деңгейлі  «Еңбек  даңқы»  белгісі, 2008 жылдың,  «Құрмет» ордені, 2008 жылдың,  ІІ деңгейлі  «Қайсар»  төс белгісі, 2010 жылдың.