Ақмола облысы Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
0

  

Кітапхана – кітаптар ордасы

Жаналықтар

23 мамыр күні аудандык кітапханада Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектеп оқушыларымен «Кітапхана – кітаптар ордасы» атты кітапхана саяхаты өтті. 


Саяхаттын мақсаты – оқушыларды кітапханамен таныстыру, кітапқа деген құштарлығын оята білу. 
Аудандық кітапхана қызметкерлері ең алдымен Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың «Болашакқа бағдыр: рухани жаңғыру» атты мақаласымен таныстырып, кітапханадағы ұйымдастырылған кітап көрмесі туралы айтып өтті. 
Оқушылар кітапхананың кітап қорымен және әр қызмет көрсету бөлімдеріне кіріп, жеке- жеке танысты. Өздеріне бұл жерден қызықтыратын біраз мәліметтер алатына көз жеткізді. 
Кітапхана қызметкерлері барлық оқушыларды жазғы демалыс уақыттарын тиімді өткізу үшін кітапханаға келулеріне шакырды.