Ақмола облысы Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
0

  

Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі

Жаналықтар

23 қантарда аудандық кітапхана «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» атты проектін алғашқы отырысын өткізді. Осы отырысқа қаламыздың зейнеткер әжелер сыйлы қонақтары болды. Қыз тәрбиесі-аса қатты көңіл бөлуді қажет ететін құндылық. Қазақ халқы – қыз баланы баланы тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген халық. 

Қазақ ұлды-шаңырағымның тірегі, ал қызды – ошағымның ұтқысы деп , оларды жас ерекшелігіне қарай, жынысына қарай байқалатын ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие береді. 



Осы отырыста қызым- қызғалдағым, қызым- ізгі арманым, бүгінгі қыз – ертең бір әулеттің оң жағын қызартып, отау тігетін келіні екенің ескере отырып әңгіме қозғадық. 
                 
Проект мүшелерімін алдағы отырыстарда қандай тақырыптарға тоқталу керек екенін шешіп,жоспарлап алдық. 

Аудан кітапханасының кітапханашысы Рыспаева Бахыт «Дәстүр» жорналының Тұсау кесерін өткізді. Ұлттық-этнографиялық «Дәстүр» жорналы 2009 жылдың қазан айынан бастап шығады. 

                

Басылымның әр бетінен қазақы құндылықтарымыз жайлы танымдық, ғылыми мақалаларды, ұсыныстар мен пікірлерді оқи аласыз. Қазақ елі салт-дәстүрмен, әдет-ғұрпымен ғасырдан ғасырға өмір сүріп келе жатқан халық. Ел болу үшін оның ішінде , Қазақ елі болу үшін қазақы қалпымызды, құндылықтарымызды сақтау ләзім. «Дәстүр » жорналы сіздерге осы бағытта қызмет көрсетеді. Біздің кітапханада бұл жорнал бар, алып оқыңыздар. 

Әжелермен ақылдаса отырып келесі отырыс ақпан айына белгіленді.