Ақмола облысы Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
0

  

Үйсімбаев  Асқарбек  Съезбекұлы

Ауданның Құрметті азаматы

                            

2017 жылы 11 желтоқсанда ауданның Құрметті азаматы атағы берілген

1961 жылы  12 қаңтарда  Целиноград  облысы  Балкашин  ауданы «Веселовский» астық  совхозында  дүниеге  келген. 1978 жылы ауыл  мектебін тәмамдап, өз ауылында еңбек  жолын  бастап кетті. 1979-1981 жылдары  Кеңес  армиясы қатарына алынып, Германияда әскери  борышын өтеген. 1981-1986 жылдар аралығында Целиноград  құрылыс- инженер  институтында  жоғары білім  алады, сонымен  туған  ауылы «Веселовскийге» келіп, машина-трактор  эксплуатациялау паркінің  инженері  болып  қызметке  қабылданады. 1991 жылы «Каменский» астық  совхозының  бас инженері, 1993-1996 жылдары «Культура» астық совхозының  директоры  болып  тағайындалады. Ал  1996-1998 жылдары  Сандықтау  ауданында «Мәдениет»  өндірістік кооперативінің  төрағасы, 1998 жылы  Сандықтау  аудандық  ауылшаруашылығы басқармасының  басшысы, 1998-2002 жылдары Бұланды  ауданының әкімі, 2002-2004 жылдары  Ақмола  облыстық  ауылшаруашылығы басқармасының басшысы, 2004-2012 жылдар  аралығында Ақкөл  ауданының  әкімі, 2012-2013 жылдары Целиноград  ауданының  әкімі  лауазымы қызметін  атқарады. 2013 жылдан  бастап Жарқайың  ауданының  әкімі.

Марапаттаулары:

1999 жылы Қазақстан Республикасының  Құрмет грамотасы, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі, 2004 жылы «Тыңға 50 жыл» медалі, 2004 жылы «Ауғанстан жерінен  Кеңес  әскерінің  шығарылғанына  15 жыл» медалі, 2005 жылы « Қазақстан  Конституциясына 10 жыл» медалі, 2007 жылы «Құрмет» Ордені, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, 2014 жылы « Қазақстан  Конституциясына 20 жыл» медалі және «Парасат» ордені, 2014 жылы «Қазақстан Республикасының  бірінші  қорғаныс  министрі, Кеңес Одағының  батыры, Халық  Қаһарманы, армия  генералы  Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлың 90 жылдығы» медалі, 2015 жылы «Мәслихатқа 20 жыл» медалі, 2015 жылы «Еңбек  Даңқы», Талғат Бегельдинов  атындағы, Қазақстан патриоты медальдарына ие болды.