Ақмола облысы Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
0

  

Ұлы дала тарихы

Жаналықтар

«Рухани жанғыру» бағдарламасының іске асыру аясында Аудандық кітапханада « Ұлы дала тарихы» атты кітабының тұсау кесері өтті. Шараның мақсаты - Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін оятуға, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу, үлгі-өнеге, ұлттық сезімді жігерлендіру.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарих арқылы болашаққа бағдар жасап, даңғыл жол салуға үндейтін мақаланың мәні тереңде.

Оның ішінде «Ер қанаты - ат» деп білген алаш баласы әр сөзінің астарын атпен сабақтастырады. Айтар ойын атпен байланыстыра бейнелейді. Жеті қазынамыздың бірі жылқыға ерекше мән беріліп отырғаны ойландырады. Жылқының қолға үйретілуі, атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Ұлы даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың даналығы мен батырлығы қарастырылады. Ұлы дала халқы металл, алтын өндіру технологиясының терең тарихымен мақтана алады. Сондай-ақ, Түркі әлемінің бесігі болып, Еуроп а мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды да көздеп отыр. Қазақ даласының сулы, нулы табиғатыда елеусіз қалмады.Қазақстан - алманың отаны. Ең үлкен алма Қазақстанда. Осы атауды пайдаланып тек Алматының емес, Қазақстанның атына да пайдалануға болатын нәрсе деп ойлаймыз. Адамзат ғарышқа бірінші аттанған мекен бұл Байқоңыр.

Қазақстан даласында. Ұлттық құндылықтарымыз, салт дәстүріміз бен әдет ғұрыптарымыздың өзі бір төбе. Шетелдіктер өзгесін айтпағанда түрлі ою-өрнекпен өрнектелген ұлттық киім-кешектеріміздің өзіне қызыға қарайды. Ұлттық тағамдарымыздың орны ол бөлек. Дертке шипа беретін қымыз, шұбатымыздан бастап, бауырсағымыз бен ірімшік, құртымыздың өзіне тамсанады шеттен келген қонақ. Домбыра мен қобыздан төгілген әуезді әуендерге де балқымай тұра алмайды. Қысқасы, қазақ даласын Ұлы дала елі ретінде танытататын құндылықтарымыз жетіп артылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі « Мәдениет және өнер салсындағы бәсекелестігі жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау,зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру » бағдарламасы
«Ұлы дала тарихы»: Кан Г.В,. Тогжанов Е.Л.-Алматы: «ҚАЗақпарат»,2016.-330бет.
Ұлы дала тарихы –кітабы қазақ халқы тарихынан тарау –тарау сыр тарқатып бере алатын алып шежіре. Кітапқа енгізілген алты тараудың аттарынан –ақ олардың өткеніміздің тұтастығы мен қырларын аңғару қиын емес.Тиісті тараулардағы әңгіме арқауы- ортағасырлық Қазақстанның мәдениеті,ғылымы,әдебиеті және діні.


Аудандық кітапхананың кітапханашысы Рыспаева Бахыт Еділқызы «Ұлы дала –Мәңгілік ел тірегі» атты кітап сөресіне шолу жасады.Бұл сөреге тақырыпқа байланысты кітаптар орналысты.Сөре келесі бөлімдерден құрастырылды:«Атқа міну мәдениеті», « Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Аң стилі», « Алтын адам», « Түркі әлемінің бесігі» , « Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан- алма мен қызғалдақтың отаны»