Ақмола облысы Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
0

  

«Латын әліпбиі және жазу реформасы»

Жаналықтар

2019 жылдың 15 қазанында Аудандық мәдениет үйінің ғимаратында «Латын әліпбиі және жазу реформасы» атты қазақ әліпбиінің латын графикасына көшіруді түсіндіру жөніндегі» семинары өтті. Семинардың модераторы Нұр-Сұлтан қаласының «Үш байлық» ҚБ-нің бас директоры, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, лекторлар: Рсалиева Нұрсәуле Мақсұтқызы филология ғылымының кандидаты, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Орфография» басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, бірлестіктің бас маманы Ғаббасова Айшат Уәлиоллақызы өтті. Семинарға Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Г.М.Баегизова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, білім бөлімі, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен аудармашылары, мектеп директорлары мен ісжүргізушілері,ауданның барлық тіл мамандары қатысуымен өткізілді. Жалпы саны 150 адам қатысты.


Семинар 3 бөлімді құрады:
1. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласы: дәуірлік талаптар және жаңа қазақ әліпбиі.
2. Латын әліпбиі және оның оқу әдістемелік талданымы. Жаңа емле
ережесіндегі жаңалықтар.
3. Жаңа әліпбиді меңгертудегі IT жобалар.
Семинар қорытындысында қатысушыларға және келген қонақтарға ауданның атынан аудан әкімінің орынбасары Г.Баегизова алғысын білдіріп, осындай семинар жиі болуын сөз етті.