Жаз - шығармашылықпен айналысу үшін тамаша уақыт! Жаз - жарқын түстер мен әсерлердің кезі! Жаз - демалуға, ойын-сауыққа, қызықты саяхаттарға арналған бақытты және көңілді кезең. Жылдың осы мерзімінде балалар күн, ауа, су және де мол жағымды эмоцияларды қабылдайды.


«Жаздың ең үздік күні» - балалар кітапханасында 21 тамыз күні музыка мектебі мен көркемөнер студиясының оқушыларымен балалардың суреттер байқауы өтті.
Балалар жаз мезгілі туралы өз әсерлерімен бөлісті. Олар өздерінің ойындары, жазғы сауықтары, саяхаттары туралы естеріне алды. Олар алған әсерлерін суреттерде бейнеледі.
Балалар өз шығармаларында жылдың тамаша уақытының барлық сұлулығы мен әсемдігін жеткізді, өйткені жаз - көңілді және ғажап кезең!
Барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

