Ақмола облысы Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
0

  

Аудан тарихын көріктендірген тұлғалар

Жаналықтар

Шаруашылық күніне кітапхана қызметкерлері «История района в лицах» атты суретті көрме және «Ас атасы нан» атты жетістіктер көрмесін дайындады. Ауданымызға белсенді еңбек етіп , жетістіктерге жеткен азаматтар аз емес. Кешегі Баранкөл ауданынан басталғаны туралы, сол кездегі бұйрықтар, аудан газетіне шыққан мақалалар, басшылар туралы мәліметтер осы көрмеден ойып орын алған. Сол кездегі ел ағалары: Ақпан Үкібаев, Ідріс Смағұлов, Кәрім Исмаилов, Жармұхан Хасеновтардың еңбектерінің арқасында біз бүгін осы ауданмен мақтанамыз. Көрмеде әр совхоз туралы толық ақпарат берілді. Негізі біздің аудан тың игерілген кезде ашылған. Осы ауданда тұрған Ұлы соғыс ардагерлері, Социалистік Еңбек батырлары,(7адам) Ауданның құрметті азаматтары (22 адам ) туралы көп мағлумат берілді. 

Ауылдық кітапханалашылардың осы жұмысқа қосқан еңбегі зор. Ауыл тұрғындары туралы ақпарат жинап, оны сақтап осы көрмеге жеткізді. ОҚЖнің директоры Валентина Юрьевна Соболевская осы көрмеге шолу экскурсиясын жүргізді. Көрмеге қойып көрсетілген альбомдар,фотосуреттер, папкілер, бүктемелер,стендтердің жалпы саны 260.

      

«Ас атасы нан» атты жетістіктер көрмесіне бидай, арпа, сұлы дәнді дақылдар койылды.

Осының бәрі біздің ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің жетістіктері. Әр ауыл қолдан піскен нандарын әкеліп , жиналған қауымға ауыз тигізді.